Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Елордада 31 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

2020 жылдың 8 сәуір 2020 13:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 31 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласында 31 медцина қызметкері коронавирус жұқтырған. Олар қалалық медициналық ұйымдардың, сонымен қатар республикалық ұйымдардың қызметкерлері. Олар негізінен коронавирус індетін дұқтырған пациенттерді емдеу-диагностикалық процесіне жұмылдырылған. Жағдайлары қанағаттанарлық, барлығы да емханаға жатқызылған. Клиникалық хаттамаға сәйкес ем алып жатыр»,- деді Сәуле Қисықова.


Жоғары қарай