Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада 2022 жылға газет-журналға жазылу жүріп жатыр

2021 жылдың 3 желтоқсан 2021 14:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында келер жылға басылымдарға жазылу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін елордада «Жазылым күні» аталып өтілуде. Астаналықтар «Қазпошта» АҚ-ның филиалына келіп 2022 жылға газет-журналдарға жазылып жатыр.

«Бүгін жылдағы дәстүрге сай келер жылға басылымдарға жазылу шарасы өтіп жатыр. Жазылым күні біз үшін мереке. Иә, қазір интернеттің заманы, дегенмен дәстүрді ешнәрсе бұза алмайды. Елорда жұртын газет-журналдарға жазылуға шақырамыз», - деді «Қазпошта» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Бақытжан Мәлікова.

25 желтоқсанға дейін астаналық оқырмандар «Егемен Казахстан», «Казахстанская правда», «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана», «Төртінші билік», «National Geographic Kazakhstan» және тағы басқа республикалық және қалалық басылымдарға жазыла алады.

«Өткен жылы пандемияға байланысты басылым күнін атап өте алмадық. Биыл жағдай оңтайлы. Бүгінгі шараның арқасында біраз оқырман тартамыз деген үміттемін. Біздің газеттің 1 ғасырдан астам тарихы бар. Газет-журнал оқитын оқырмандар саны арта берсін», - дейді «Казахстанская правда» газетінің бас редакторының орынбасары Сәбит Молдыбай.

Сондай-ақ, алғаш болып жазылған оқырмандарға Қазпошта және басылым редакциясы атынан сыйлықтар қарастырылған.

Бұған дейін елімізде газет-журналға жазылушылардың қатары жыл санап азайып бара жатқандығы туралы хабарлаған едік.


Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам, БАҚ,
Жоғары қарай