Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада 200 үлескер ұзақ күткен пәтер кілтін алды

2020 жылдың 15 қазан 2020 09:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада құрылысы ұзаққа созылған «Алтын Шар» тұрғын үй кешенінің №1 блогындағы жұмыстар аяқталып, 200 отбасыға пәтер кілті табысталды. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыс күні аяқталған соң үлескерлермен кездестім. «Алтын шарды» алғаш көрген кезде құрылысы мүлде тоқтап тұрған болатын. «GLB» үй құрылысы комбинатының құрылысшылар мен кредиторлар алдында миллиондаған қарыздары болды. Көппәтерлі тұрғын үй кешені үш блоктан тұрады. Мұндағы жұмыстар қайта жаңғыртылды. Мемлекет тарапынан құрылыс комбинатының жұмысының қайта жандануына көмек көрсетілді. Үйдің бірінші блогының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. «Алтын Шар« (блок №1) үлескерлеріне кілттер беріліп, құжаттар рәсімделе бастады. Бұл – шамамен 200 отбасы. Отбасылардың бір бөлігі көптен күткен баспанаға кіріп үлгерді», - деді қала басшысы.




Оның атап өтуінше, осы жылдың соңына дейін аталған тұрғын үйдің екінші блогын аяқтау жоспарланған. Сол кезде тағы 200 үлескердің мәселесі шешіледі.

«Ал үшінші блоктағы жұмыстарды күшей̆туді тапсырдым. Ол жерде 218 отбасы пәтерін күтіп отыр. Үйге уақытша кірме жолдар салдық, құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін аумақты абаттандыруға кірісеміз. Сонымен бірге құрылыс комбинаты «Бағыстанды« аяқтау мен әлеуметтік қолжетімді тұрғын үй құрылысына жұмылдырылған. Үй құрылысы комбинатының жұмысын қайта жаңғырту сапаға нұқсан келтірмей, үйлердің аз уақытта салып шығуға және шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді», - деп жазды Алтай Көлгінов.











Жоғары қарай