Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада 2 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

2021 жылдың 8 желтоқсан 2021 13:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова елорда тұрғындарын ревакциналау жұмысы жайлы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта халықты бірінші компонентпен вакциналау - 65,6 пайызды, екі компонентпен – 61,4 пайызды құрады. Бұдан басқа, елордалық медициналық ұйымдарда халықты қайта вакцинациялау басталды, осыдан 6-9 ай бұрын екпе алғандар, яғни 2 100 адам Covid-19-ға қарсы ревакцинациядан өтті», - деді Сархат Бейсенова елорда әкімдігінде өткен брифингте.

Бұған дейін санитар дәрігер коронавирус инфекциясының омикрон штамын анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндаған еді.

«Екі айда бір рет қаланың эпидемиологиялық қызметі, бүкіл республика секілді қандай вирус басым екенін бақылау үшін коронавирус инфекциясының штаммдарын анықтау және зерттеу бойынша мониторинг жүргізеді. Қазір 35 сынама зерттеу сатысында тұр. Соның нәтижесінде біз елордада және жалпы республика бойынша «омикрон» айналымы бар-жоғын айта аламыз», - деді ол.


Жоғары қарай