Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада 2 баланы анасына қайтармай қашып жүрген ер адам іздестірілуде

2020 жылдың 29 қыркүйек 2020 11:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы прокуратура қызметкерлері екі баланы анасына қайтармай, яғни сот шешімін орындамай қашып жүрген ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ж. атты азаматша өзінің бұрынғы күйеуінен 10 және 11 жастағы балаларын ала алмай жүр. Ана ретінде ол балаларын өзі қарауына алғысы келеді. Алайда бұрынғы күйеуі бұл ниетіне барынша кедергі келтіруде. Әйел алдымен сотқа жүгініп көргенімен оның бұл арызы қанағаттандырылмаған. Себебі қамқорлық құқығы әу баста ер адамға берілген», - деп хабарлайды Жеке сот орындаушыларының Нұр-Сұлтан қалалық палатасынан.

Кейін аппеляциялық инстанция сот-психологиялық сараптама негізінде алдыңғы сот шешімін өзгертіпті. Яғни психолог екі бала әкелерінен қысым көріп жүргенін, оларға ана тәрбиесі керектігін мәлім еткен.

«Кейінгі үш жылда балалар әкесімен тұрып жатыр. Алайда соттың соңғы шешіміне сәйкес олар анасына қайтуы керек. Алайда ер адам бұл шешіммен мүлде келіспей, пәтерден пәтерге көшіп, балалардың анасы мен сот орындаушылардан қашып жүр. Қазір мәселен бұл істі қолға алған төртінші сот орындаушысы тығырыққа тіреліп тұр. Өйткені ер адамға қазір іздеу жарияланған. Қазір ер адамды прокурорлар іздеп жатыр», - делінген хабарламада.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Сот, Қоғам,
Жоғары қарай