Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада 1815 жүргізуші жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 18:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жыл басынан бері 1815 жүргізуші жол-көлік апатынан кейін оқиға орнынан бой тасалаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселен, Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, осы жылдың тамыз айында 102 нөміріне қоңырау шалған елорда тұрғыны Тәуелсіздік даңғылы бойындағы тұрақта «Ravon Nexia R3» көлігін белгісіз көліктің қағып, жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалғандығын хабарлаған.

«Нұр-Сұлтан қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Іздестіру басқармасының қызметкерлері іздеу шаралары барысында елорданың 39 жастағы тұрғынын ұстады. Ол 10 тамыз күні сағат шамамен 17.00-де Тәуелсіздік даңғылындағы тұрақта «ГАЗ 2705» көлігімен арқа жылжып келе жатып, «Ravon Nexia R3» көлігін соғып кеткені анықталды. Бұған қоса, тексеру барысында аталған азаматта сақтандыру полисі болмағаны белгілі болды«, - деді ведомстводан.

Әкімшілік сот шешімімен елорда тұрғыны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің бірнеше бабымен жауапкершілікке тартылып, 66 672 теңге айыппұл төледі. Сонымен қатар ол 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Осыған орай Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті жүргізушілерге Жол жүрісі ережесін сақтау қажеттігін ескертіп отыр. Оқиға орнынан қашып кеткен жағдайда жүргізуші куәлігінен айырылады. Елордада жыл басынан бері 1815 жүргізуші жол апатынан кейін оқиға орнынан бой тасалаған.


Жоғары қарай