Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елордада 15 сәуірден бастап велосипедтерді жалға беру жүйесі іске қосылады

2022 жылдың 6 сәуір 2022 16:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда 15 сәуірден бастап веломаусым ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«City Transportation Systems» компаниясының мәліметінше, 15 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Bike» автоматтандырылған велосипед жалдау жүйесі іске қосылады.

Бұл күні велосипедтер мен абонементтерді сатып алу таңғы сағат 9:00-ден бастап қолжетімді.

Абонементтерді сатып алу, веложалдау бойынша барлық ақпарат www.velobike.kz сайтында жарияланған.

Тарифтер өзгеріссіз қалады. Белсенді велостанцияларды сайтта көруге болады. Олар көк түспен боялады. Сондай-ақ, велопрокат пайдаланушылардың жеңілдікті санаты үшін velobike.kz сайттағы жеке кабинетте деректерді өзектендіруден өту қажет. Яғни, жеке кабинетте «Аккаунт іске қосу» батырманы басыңыз, жеке куәлігі және сіздің жеңілдігіңізді растайтын тиісті зейнетақы куәлігін немесе оқу орнынан анықтаманы (студенттер үшін) тіркеңіз» делінген хабарламада.

Велосипедтерді 24/7 қолдануға болады.


Жоғары қарай