Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Елордада 137 бағдаршам интеллектуалық көлік жүйесіне қосылды

2019 жылдың 28 қазан 2019 22:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2015 жылы елордада интеллектуалды көлік жүйесі таныстырылды. Бүгінгі күні оған қаладағы 504 бағдаршам нысанының 137-і қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымы басқармасының мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтан жолдарының 35% интеллектуалдық көлік жүйесімен қамтылды. Қазір жобаның үшінші кезеңін жобалау жұмысы аяқталып жатыр. 2020 жылдан бастап қалған жол қиылыстарын жаңғырту көзделіп отыр, ол -118 бағдаршам.

Айта кетейік, бұл жүйе қалалық трафиктің проблемасын толығымен шеше алмайды. Мәселені шешу үшін кіші көлік айналымының құрылысын аяқтау керек, ол көлік қозғалысын үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мәңгілік ел даңғылына балама ретінде Тәуелсіздік даңғылы құрылысының жалғасын аяқтау керек. «Сол жағалау толығымен интеллектуалдық жүйеге қосылған, алайда мұнда көлік коллапсы жиі болып тұрады. Бірінші кезекте тұйық көшелер мен негізгі магистральдарды өткізу керек. Тіпті, көптен күткен Асан қайғы көшесінің құрылысы мәселені шеше алмайды, өйткені ол тәжірибе жүзінде Ш.Уәлиханов көшесін қайталап отыр. Кептелістер Кравцов көшесінен басталып, Таха Хусейн көшесіне тіреледі, одан Ж.Тәшенов көшесінен сол жағалауға Мәңгілік ел даңғылына тіреледі. Әрі қарай көлік жүре алмайды. Сол жерде кептелістер басталады», - деді Көлік және жол-көлік инфрақұрылымы басқармасының басшысы Нұрлан Солтамбеков.

Бүгінгі күні Нұр-Сұлтанда бес құрылыс жүргізу ауданы мен өнәркәсіптік аймақ анықталды, ол жерде бірінші кезекте көше-жол желісі дамытылатын болады.

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Көлік, Логистика,
Жоғары қарай