Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордада 10 қабатты үйдің шатыры өртеніп жатыр

2020 жылдың 7 шілде 2020 11:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада көпқабатты үйдің шатыры өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сағат 11.03-те өрт сөндіру қызметіне Республика даңғылы бойындағы 10 қабатты үйдің шатыры өртеніп жатыр деген ақпарат түсті. Құтқарушылар оқиға орнына аттанып кетті», - деді Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның нақтылауына қарағанда, 10 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатына жапсарлас салынған Мерей балабақшасының шатырын жабу барысында рубероид өртенген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін жұмысшылар қызыл жалынды сөндіріп үлгерген.

«Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деді департаменттен.






Жоғары қарай