Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елорда жолдарының қауіпсіздік мәселелері талқыланды

2019 жылдың 29 қазан 2019 20:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Достық үйінде «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында «Жолдардағы қауіпсіздіктің кешенді мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана – адалдық алаңы» жобасы менеджерлерінің кезекті кеңесіне Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында автокөлік саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралды, жол төсемінің сапасы мен қала көшелерін жарықтандыру мәселелері де талқыланды.

«Азаматтардың өмірін сақтау біздің жұмысымызда маңызды рөл атқаруы тиіс. Оның ішінде тұрғындардың құқығы мен заңды мүддесін қорғау мемлекеттік органдардың жұмыс деңгейін көрсетеді. Мемлекеттік аппарат тұрғындардың барлық қажеттіліктеріне дер кезінде жауап берген кезде ғана халық өзін қауіпсіз сезінеді», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.




Жолдардағы оқыс оқиғалармен байланысты оқыс оқиғалардың біразы жол ережесін бұзушының кінәсінен орын алады. Алайда, аталған фактімен қатар, елорда көшелерінде жарықтандыру және жол төсемінің сапасы да маңызды рөл атқарады.

Сондай-ақ, қала тұрғындары автомобиль жолдарына қызмет көрсетуға қатысты сын-ескертпелері бар.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы Нұрлан Қыдырбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда елордада жол құрылысының сапасы стандарттарға сай емес, сондықтан жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін бұзуға мәжбүр. Сонымен қатар, қазіргі уақытта көшелердің барлығы бірдей жарықтандырылмаған.

«Жол активтері ұлттық орталығы» РМК-нің автомобиль жолдарын салу кезіндегі заң бұзушылықтарды жоюға бағытталған қызметі таныстырылды. Осындай мәміле жасауға жергілікті бюджеттен қаражат бөлу туралы мәселесы қаралуда.

Жоғары қарай