Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Елорда жастары» бағдарламасына қай мамандық иелері қатыса алады

2021 жылдың 14 сәуір 2021 12:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев «Елорда жастары» бағдарламасына қандай саланың жастары қатыса алатынын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«35 жасқа дейінгі жастарды қолдау бағдарламасы Алматы қаласынан бастау алды. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен де осы мәселе бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Мұнда да пайыздық мөлшерлемесі 5 пайыз, алғашқы жарна 10 пайыз, несиенің мерзімі – 25 жылға дейін. Бұл жерде жергілікті әкімдік қандай саланың жастарын қолдайтынын өздері таңдап, анықтады. Оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, БАҚ өкілдерін, әлеуметтік сала өкілдерін қолдау қарастырылған. «Елорда жастары» бағдарламасының артықшылығы отбасылы жастар ғана емес, отбасын құрмағандар да қамтылады», - деді Жасұлан Матаев.

Ал «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың мәліметі бойынша, «Алматы жастары» аймақтық бағдарламасына биыл 18 млрд теңге бөлінген. Соның арқасында 1000 жасқа пәтер беру жоспарланып отыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, мамыр айында «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша берілетін 8000 пәтер Baspana.kz сайтына шығарылады.

Осы шарада біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына толықтырулар енгізілетіні мәлім болды.



Жоғары қарай