Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда тұрғыны жүргізуші куәлігін интернет арқылы «сатып келген»

2020 жылдың 17 қазан 2020 17:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда полицейлер интернет арқылы жүргізуші куәлігін жасау қызметі туралы хабарландыру жариялаған алаяқты ұстады. Бұл жайында Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды.

Ол көшеде ұсталды. Тəртіп сақшылары оның үйін тінту кезінде мөр, 75 сим-карта, тағы да басқа заттарды анықтады.

Сенімділік үшін 40 жастағы ер адам азаматтарға жеке куәлігін көрсеткен, алайда тексеріс барысында құжаттың бұрын алаяқтың құрығына түскен бөтен адамға тиесілі екендігі анықталған. Өз қызметінің ақысын ол электрондық әмиянға аударуды сұраған.

Төлем жасалғаннан кейін байланысқа шықпаған. Аталмыш сызба бойынша алаяқ жыл басынан бері алты азаматты алдап үлгерген.

Бірақ жәбірленушілердің саны одан да көп болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта ер адам тергеу изоляторына қамалды, оған қатысты ҚР ҚК 190-бабы (Ақпараттық жүйені қолданушыға қатысты алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Егер сіз аталмыш алаяқтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияға хабар беріңіз: 102, 71-63-35, 71-66-10, 8-747-620-57-93.



Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Заң, Оқиға,
Жоғары қарай