Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елорда тұрғыны жалған шот жазып, мемлекетке 900 млн теңге залал келтірді

2021 жылдың 19 қараша 2021 10:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда тұрғыны жалған шот жазып, мемлекетке 900 миллион теңге көлемінде залал келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржылық мониторинг агенттігі «көлеңкелі экономикамен» күрес жүргізіп жатыр.

Атап айтқанда, іс жүзінде қызметтер де, жұмыстар да, тауарлар да ұсынбайтын «күмәнді» кәсіпорындардың қызметінің жолын кесу бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Бұл ретте бюджетке салық аудармай ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырады.

Нұр-Cұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып беру фактісі бойынша «АйДи Строй 2030» ЖШС директорына қатысты қылмыстық істі аяқтады.

Тергеу барысында Д.Құрманғожинова 2017-2018 жылдар аралығында Серіктестіктің атынан түрлі компаниялармен жалған мәмілелер ресімдегені анықталды.

Нәтижесінде мемлекетке төленбеген салық түрінде 900 миллион теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

Д. Құрманғожиноваға 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.



Жоғары қарай