Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда тұрғыны полиция көлігінің макетін сындырғаны үшін жазаланды

2020 жылдың 23 қараша 2020 20:15

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында автожолдардың бірінде тұрған полиция патрульдік көлігінің макетін бұзақы сындырып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізушілерді тәртіпке салу мақсатында биыл автожолдарда полицияның патрульдік көлігінің 14 макеті қойылды. Олар негізінен қауіпті аймақтарда, елді мекендердің жанына орнатылған.

Тайынша ауданы Келлеровка ауылы маңындағы дәмханадан спирттік ішімдік ішкен 33 жастағы елордалық жақын маңда тұрған патрульдік көліктің макетін зақымдаған. Макеттің бекіткіштерін жұлып, «доңғалақты», «айнаны» сындырған.




Бұзақыға қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік материал жиналды. 18 қараша күні әкімшілік сот өтіп, құқық бұзушыға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

«Бұзақы жасаған әрекетіне өкініп, макетті сотқа дейін жөндеу үшін ақша төледі. Қазір жөнделген макет полиция бөліміне жеткізілді, 24 қарашаға дейін орнына қойылады. Ол Обуховка, Келлеровка елді мекендерінің маңында тұрған. Бұл – аударылу, жаяу жүргіншілерді соғып кету сияқты жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін ең қауіпті учаскелердің бірі. Ал жол инфрақұрылымының белсенді элементтері, оның ішінде патрульдік автокөліктердің макеттері апатты азайтып, адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі», – дейді Тайынша аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлыжан Ақтанов.





Жоғары қарай