Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда тұрғыны отбасылық жанжалдан кейін газ баллонын жармақ болған

2020 жылдың 28 қазан 2020 11:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда тұрғыны отбасылық жанжалдан кейін газ баллонын жарып жібермек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың 27 қазанында сағат 17:50-де Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің Жедел басқару орталығының 102 нөміріне ер адамның газ баллонын жаруға әрекет жасағандығы туралы хабарлама келіп түскен. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көрші пәтерлерден 30-ға жуық тұрғын, соның ішінде балалар эвакуацияланды. Полиция қызметкерлері құтқарушылармен бірігіп, елорданың 28 жастағы тұрғынын ұстады. Оның бұл әрекетті отбасылық жанжалдан кейін жасамақ болғаны анықталды.

Полиция бөліміне жеткізілген ер адам заң жүзінде тиісті жазасын алады.


Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан, Видео,
Жоғары қарай