Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда тұрғыны бұрынғы әйелін көлігінің капотына жармасқан күйі жүйткіген

2020 жылдың 22 қазан 2020 22:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда тұрғыны көлігінің капотына жармасқан бұрынғы әйелін қала көшелерімен жүйткіген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«KIA Cerato» көлігінің капотына келіншегін отырғызып, елорда көшелерін кезген қала тұрғынына қатысты әкімшілік іс қозғалды,

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, отбасылық драма түн ортасында Гете көшесіндегі вокзал маңындағы алаңнан басталған. Көлікте сөйлесіп отырған ерлі-зайыптылардың арасында жанал туындаған.

Әйелдің айтуынша, машинадан шыққан кезде салонда құжаттарының қалып қойғаны есіне түскен. Ал күйеуі есікті ашпай, қозғала бастаған. Сол сәтте келіншек көлік капотына секіріп, жатып алған. Бұған да қарамаған күйеуі жүрісін жалғастырып, тіпті жылдамдық арттыра бастаған.

Капотқа жабысқан әйелді көрген өзге жүргізушілер оны тоқтатуға тырысқанымен, «KIA Cerato» иесі жылдамдықты төмендетпеген. Тіпті, өзге көліктерді басып озған. Алайда, басқа көлік иелері оған тосқауыл қойды.

«Жедел басқару орталығы бейнебақылау камерасының көмегімен түнгі қуғынды байқап қалып, оқиға орнына автопатруль полициясының экипажын жіберді. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жүргізуші мен әйелді полиция басқармасына жеткізді. Бұрынғы ерлі-зайыптылар өзара мән-жайды анықтағаннан кейін, бір-біріне талаптары болмады. Әйел зардап шеккен жоқ. Аталған факті бойынша «KIA Cerato» көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 593-бабы 1-бөлігімен әкімшілік өндіріс қозғалды«, - деп атап өтеді департаменттен.

Нұр-Сұлтан қалалық ПД басшылығы жолда қайғылы жайттың орын алуына жол бермеген өзге жүргізушілерге ризашылығын білдіріп отыр.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай