Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда тұрғындарының 82,5 пайызы МӘМС жүйесінде сақтандырылған

2021 жылдың 29 шілде 2021 19:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астаналықтардың 82,5% міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі арқылы сақтандырылған. Бұл туралы Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің қор халықтың медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалмауы үшін, халықты медициналық көмекпен қамту жұмыстарын одан әрі жалғастыруда. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұрғындардың 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Елорда тұрғындарына МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі болмаса да, тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында шұғыл медициналық көмекті, жедел жәрдем бригадасын шақыру, учаскелік дәрігердің қабылдауы секілді қызметтерді тегін ала алатынын баса айтқым келеді», - деп атап өтті Нұрлыбек Қабдықапаров.

Сондай-ақ, спикер биыл 6 ай ішінде Нұр-Сұлтан қаласысында медициналық сақтандыру қорына 19,7 млрд теңгеден аса жарна аударылғанын айтты.

«МӘМС жүйесіне төленетін төлемдердің ең аз сомасы 12 айда 25 500 теңгені (айына 2125 теңге) құрайды. Бұл сақтандырылған адамға құны бірнеше миллион теңге тұратын қымбат тексерулер, операциялар, ЭКО қоса алғанда, ТМККК және МӘМС секілді медициналық көмектің ауқымды тізбесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді», - дейді ол.

Бұған дейін филиал басшысы астанада амбулаториялық медициналық қызметке бөлінетін қаражат көлемінің артатынын мәлім етті.

Одан бөлек, Нұрлыбек Қабдықапаров 150 мыңға жуық елорда тұрғынының тегін дәрі-дәрмекпен қамтылғанын жеткізді.


Жоғары қарай