Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда тұрғындарын вакцинация пунктеріне жеткізетін автобустар ұйымдастырылды

2021 жылдың 23 тамыз 2021 18:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сарыарқа ауданындағы елді мекендердің тұрғындарын вакцинация пунктеріне жеткізетін арнайы автобустар ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Вакцина алатын тұрғындарға ыңғайлы болу үшін Агроқалашық, Көктал-1, Көктал-2 елді мекендерінен емханаларға дейін арнайы автобустар жүретін болады.

Автобустардың жүретін уақыты мен орындары туралы ақпаратты елді мекендердің инспекторларынан білуге болады.

Агроқалашық елді мекенінің инспекторы: Ержан Жұмағұлов – 8 701 527 98 99.

Көктал -1 және Көктал-2 елді мекендерінің инспекторы: Самат Топатаев – 8 702 818 88 01.

Қазіргі таңда Сарыарқа ауданында орналасқан емханаларға 267 354 тұрғын тіркелген, ал олардың 253 812-сі коронавирус инфекциясына қарсы екпе алды.

Естеріңізге сала кетейік, індетпен күресудің ең тиімді әдісі – халықты жаппай вакцинациялау арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Қазіргі уақытта елордада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде, сондай-ақ ірі СОО мен СҮ-де 100-ге жуық егу пункті жұмыс істейді.








Жоғары қарай