Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда шіркеулерінің бірінде тағы ұрлық жасалды

2021 жылдың 25 қараша 2021 15:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ер адам шіркеуде ұрлық жасау күдігімен ұсталды. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жедел іс-шаралар жүргізу барысында Нұр-Сұлтан қаласы шіркеулерінің бірінен ұрлық жасады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды. Аталған ұрлық фактісі жайлы полицияға шіркеудің қызметкері хабар берген», - делінген департамент мәліметінде.

Ведомство ақпаратына қарағанда, күдікті сағат 13:00 шамасында досымен бірге Күйші Дина көшесінде орналасқан шіркеуге жылыну сылтауымен кірген. Содан үстелдің үстінде «Самсунг» маркалы ұялы телефонын көреді. Күдікті ешкім байқамай тұрған сәтті пайдаланып, ұялы телефонды ұрлап кетеді. Келтірілген шығын көлемі 60 мың теңгені құрайды.

«Ұры дәл сол күні тұрғылықты жерінде ұсталып, қылмысын мойындады. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағында осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы тексерілуде», - деп атап өтеді департаменттен.

Бұған дейін елордадағы Серафим ғимабадатханасының бұрынғы күзетшісі сыбайласымен бірге қайырымдылық жәшіктерін ұрлап кеткенін жазған едік.



Жоғары қарай