Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елорда полициясы көлік жүргізушілеріне жолда сақ болуды ескертті

2021 жылдың 22 қараша 2021 19:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада өткен тәулік ішінде 75 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, таңғы сағат 08:00 бастап қана 51 жол-көлік оқиғасы орын алып, қала тұрғындарының бірі жарақат алды.

Мәселен, 21 қараша күні сағат 21:20 шамасында «Skoda Rapid» маркалы автокөліктің 26 жастағы жүргізушісі Қ.Мұхамедханов көшесімен келе жатып, басқа қатарға ауысқан кезде жолай келе жатқан көлікке жол бермеген. Соның салдарынан 22 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Mercedes-benz 240c» маркалы автокөлігімен соқтығысып, ол аударылып қалған. Жол апаты кезінде зардап шеккендер жоқ.

«Skoda Rapid» жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБК 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

«Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті ауа-райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады. Жаяу жүргіншілерге өте мұқият болу керектігін ескертеді», - делінген ведомство ақпаратында.


Жоғары қарай