Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда полицейлері карантин талаптарын еске салып, халыққа маска таратып жүр

2020 жылдың 23 мамыр 2020 20:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық тәртіп сақшылары халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Елордалық полицейлер волонтерлермен бірге парк, скверде серуендеген халыққа, жұмысын жандандырған сауда үйіне келушілерге маска таратты. Сақшылар «Тұлпар», «Астаналық» сауда үйінің және супермаркеттердің аумағын тексеріп, түсіндіру жұмысын жүргізді.

Қоғамдық орында қорғаныс құралынсыз жүрген тұрғындармен әңгімелескеннен кейін полицейлер оларға бетперде таратты. Тұрғындар полиция қызметкерлеріне көңіл бөліп, қажетті құралмен қамтамасыз еткені үшін алғыс айтты.

«Карантин режимі әлі аяқталған жоқ. Біз адамдарға жеке қауіпсіздік ережелерін түсіндіреміз және оларды сақ болуға, дүкенде арақашықтықты сақтауға, міндетті түрде маска киюге шақырамыз. Бүгін біз ескерту жұмыстарын жүргіздік. Егер сауда үйлері карантин талаптарын сақтамаса, онда біз ҚР ӘҚБК 462-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартамыз және карантинді бұзатын мекемелерді жабуға дейін апаратын шара қабылдайтынымызды ескертіп, өтінішхат жолдаймыз», – дейді қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Ғосман Жакин.

Полицейлер тұрғындарға қажеттілік туындамаса үйден шықпау керектігін ескертеді. Осы шаралардың барлығы тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр.



Жоғары қарай