Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда полицейлері дәрі-дәрмекті қымбат бағамен сатқан бірнеше нысанды анықтады

2020 жылдың 31 шілде 2020 21:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Криминалдық полиция қызметкерлері Telegram мессенджері арқылы дәрі-дәрмек сататын алыпсатарларды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сарыарқа ауданының полицейлері елде тапшы дәрі-дәрмектерді саудалап келген қаланың екі тұрғынын ұстады. 41 жастағы әйелден «Клексан 4000» препараты, «Ксарелто Ривароксабан», «Гепарин» және «Фраксипарин» тәркілеген. Тәркіленген дәрі-дәрмектің жалпы сомасы 150 мың теңгеден асқан», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, ұсталған 24 жастағы жігіттен 160 мың теңгенің дәрі-дәрмектері тәркіленді.

«Оның ішінен 10 және 12 ампуладан тұратын «Фраксипарин» және «Меропенем» препараттары тәркіленді. Күні бойы болған рейд кезінде полиция қаладағы 8 дәріханада дәрі-дәрмектерді қымбаттатылған бағамен сату ережелерін бұзушыларды анықтады», - делінген хабарламада.

Дәріхана қызметкерлері дәрі-дәрмектерді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі «Бөлшек саудада және көтерме саудада дәрі-дәрмектің тауарлық атауының шекті бағаларын бекіту туралы» бұйрығын бұза отырып сатқан.

«Рейдтер басталғаннан бері күзетшілер 100-ден астам құқық бұзушылықты анықтады. Олар бойынша 117 адам ұсталды, оның ішінде 68-ден астам дәріханашы болған, 430 дәріхана тексерілді. Тәркіленген медициналық бұйымдардың жалпы сомасы шамамен 20 миллион теңгені құрады. Барлық анықталған фактілерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі», - делінген хабарламада.

Егер дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактілері туралы білсеңіз, Нұр-Сұлтан полиция бөліміне мына телефондар арқылы хабарласыңыз: 8 (7172) 71-62-91, 71-63-35, whatsapp 8-747-620-57-93, немесе «102».


Жоғары қарай