Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Елорда мен Алматыда заңсыз шеруге шыққандар ұсталды

2019 жылдың 26 қазан 2019 15:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елорда мен Алматыда заңсыз шеру өткізуге тырысқандар болды. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«26 қазанда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митинг өткізуге тырысқандар болды. Бас прокуратураның заңсыз митинг туралы бірнеше мәрте ескертуіне қарамастан кей азаматтар заң талабын орындаудан бас тартты. Қазіргі уақытта полицияға мән-жайды анықтау және әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыру үшін 26 адам жеткізілді. Ішкі істер министрлігі құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында азаматтары арандатушылық үндеулерге ермей, экстремистік ұйымның заңсыз акцияларына қатыспауға шақырады», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.







Жоғары қарай