Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Елорда мектептерінің бірінде оқушы сыныптасын пышақтап тастады

2020 жылдың 16 қаңтар 2020 20:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда мектептерінің бірінде 10 сынып оқушылары төбелескен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«16 қаңтарда қала мектептерінің бірінде 10-сыныптың оқушылары бір-бірімен төбелесіп, бірі екіншісін пышақтап тастаған. Төбелес кезінде пышақ жұмсаған бала да өз қолын жарақаттап алған», - деді қалалық Полиция департаментінен.

Болған оқиғаны көріп қалған куәгер бірден полиция шақырған.

«Оқушыларға медициналық көмек көрсетілді. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп толықтырды полиция.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай