Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда мәслихатында дуалды оқытудың проблемалары талқыланды

2021 жылдың 20 сәуір 2021 17:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатында Мәдени-әлеуметтік даму комиссиясының мүшелері дуалды оқыту жүйесінің проблемаларын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Саладағы негізгі проблемаларды қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шәкәрім Сейсенбай атады.

«Оң тәжірибелерге қарамастан, біршама мәселелер де бар. Орта және шағын бизнес білім алушыларды топтармен немесе шағын топтармен қабылдай алмайды. Яғни, барлығын жұмыспен қамтамасыз ете алмайды, 2-3 студентке ғана орын береді. Кәсіпорындар жанынан кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі оқу орталықтары жеткіліксіз. Жұмыс берушілердің қаражаты есебінен білім алушылардың үлесі төмен», - дейді басқарма басшысы.

Ол сондай-ақ, дуалды оқытуды ұйымдастыруға студенттердің жас ерекшелігі де кедергі келтіретін тұстар бар екенін еске салды.

«Тіпті екінші курс студенттердің 18 жасқа толмағандары бар. Бұл құрылыс нысандарының қызметкерлері үшін мәселе. Сондықтан өңірлік кәсіпкерлер палатасы арқылы «оқыту кәсіпорны» мәртебесіне сәйкес келетін кәсіпорындар желісін анықтау бойынша мониторинг жүргізуді ұсынамыз», - деді Шәкәрім Сейсенбай.


Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Білім, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай