Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда қар құрсауында: Автобустар, ұшақтар кешігіп, жолда кептеліс туындады

2021 жылдың 25 қараша 2021 10:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қалың қар жаууына байланысты автобустар уақытынан кешігіп, қала көшелерінде көлік кептелісі байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

CTS компаниясы да ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар жауу, көктайғақ) көлік легі мен қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығы төмендегенін, автобустардың кідірісі байқалатындығын атап өтеді. Әсіресе, қоғамдық көлікке арналған арнаулы жолағы жоқ жол учаскелерінде автобустардың қатынау аралығы алшақтап кеткен.

«CTS жол жүрісіне қатысушылардың барлығын сақ болуға және бағдарды алдын ала жоспарлауға шақырады. Барлық жүргізушілерден жолдарда барынша мұқият болуды, қауіпсіз қашықтықты сақтауды, жылдамдық режимін таңдауды, тежегішті күрт басып қалудан сақ болуды сұраймыз», - делінген компанияның Facebook-парақшасында жарияланған ақпаратта.

Ал Нұр-Сұлтан әкімдігі коммуналдық қызметтер қаланы қардан тазарту жұмыстарын тәулік бойы екі ауысымда жүргізіп жатқанын айтуда.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгін қар күреуге 1 300 арнаулы техника мен 1 900 жұмысшы жұмылдырылған.

Бұған дейін Полиция департаменті де көлік жүргізушілерін жолда аса мұқият болуды ескерткен болатын.

Астана әуежайында ұшып-қону жолағын қар басып қалудан 21 рейс кешіктірілді.

















Жоғары қарай