Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда базарларында ұрланған мал еті сатылып келген

2020 жылдың 16 қазан 2020 10:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 14-15 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордаполиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-профилактикалық шара барысында мал ұрлауға қатысы бар адамдар анықталды.

Елордаға кіреберістегі бекеттерде мал немесе ет өнімдерін тасымалдайтын барлық көліктің сертификаты, ветеринарлық құжаты, анықтамаларының бар-жоғы тексерілді.

Жүргізілген шара аясында полицейлер қаладағы сауда орындарына ет өнімдерін жеткізушілердің тиісті құжаттарын да тексерді. Күйгенжар, Маралды, Оқжетпес, Өркен, Тобыл бекеттерінде және «Әлем» сауда үйінде 14 заң бұзу фактісі анықталды.

Ветеринарлық талаптарды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 406-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, елорданың шетіндегі ауылдарды аралау кезінде 5 мал жаю ережесін бұзу фактісі анықталды. Жайылып жүрген төрт түлік малдың иелері анықталып, олар ҚР ӘҚБтК 408-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, олармен елорда аумағында жайылым талаптарын сақтау бойынша профилактикалық сипаттағы әңгіме өткізілді.

Мысалы, «Күйгенжар» кентінің маңында жылқылар үйірі иесіз қалған және жол бойында қараусыз жайылып жүрген. Осылайша олар көлік қозғалысына қауіп төндіреді.


Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан, Заң,
Жоғары қарай