Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елорда автобустарында 222,4 мың адам жолақы төлемеген

2022 жылдың 20 қаңтар 2022 16:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктерінде өткен жылы жол ақысын төлемеген 222 мыңнан астам адам анықталды. Бұл жайында «City Transportation Systems» компаниясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері күн сайын билетсіз жолаушыларды анықтау рейдтерін жүргізеді. Өздеріңіз білетіндей, «қояндар» жолақыны тек Көліктік бақылау департаменті қызметкерлерін көрген кезде ғана төлейді», - делінген компанияның Facebook-парақшасында жарияланған ақпаратта.

Мәселен, компания мәліметінше, 2021 жылдың қорытындысында Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жол жүру ақысын төлеуден жалтарудың 222 415 фактісін анықтады. Оның ішінде 9 900 жолаушы ҚР ӘҚБтК-нің 622-бабының 2-бөлігі бойынша 57 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, таратылған ақпаратта Көліктік бақылау департаменті қоғамдық көлік жүргізушілерінің аялдама пунктіне кірмеуіне, қозғалыс аралығын сақтамауына, қозғалыс сызбасын өзгертуіне және тағы да басқа жайттарға мониторинг жүргізетіндігі айтылған.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Қоғам, Жол, Көлік, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай