Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елорда ауруханаларына 200 өкпе желдету аппараты сатып алынады

2020 жылдың 7 шілде 2020 15:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада коронавирус инфекциясымен күрес үшін қосымша медициналық құралдар сатып алынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«200 дана өкпені жасанды желдету аппаратына, 500 оттегі концентратына және оған қажет 500 флоуметрге тапсырыс бердік. Екі компьютерлік томографияға да тапсырыс берілді. Компьютерлік томография жүктемесін азайту үшін Нұр-Сұлтан аумағындағы республикалық және жеке барлық клиникалар тартылды. Мәселен, Ұлттық ғылыми медициналық орталық базасында жақын орналасқан емханалар үшін қызмет көрсетіледі. Науқастардың дер кезінде компьютерлік томографиядан өтуі үшін, қабынуды бастапқы кезеңінде анықтау үшін барлық емханалар жұмыс істеп жатыр», - деді қала әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 61 адам қайтыс болды.

Қалада КВИ стационары 87 пайызға толды.



Жоғары қарай