Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елорда әуежайында Алматыдағы митингке қатысқан 2 күдікті ұсталды

2022 жылдың 18 қаңтар 2022 21:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 16 қаңтарда «Нұр-Сұлтан» Шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері елорда әуежайынан Ресейге кетіп бара жатқан Қазақстанның 2 азаматын ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың жүгі мен қол жүгін тексеру барысында пышақтар, кастеттер мен кісендерден тұратын суық қару түрлері табылды.

Тексеру барысында олардың ұялы телефондарынан Алматы қаласындағы митингтерге, демонстрациялық әрекеттер мен бұзақылықтарға қатысқандығын растайтын бейнежазбалар табылды.

Ұсталғандар әрі қарай жауапкершілікке тарту үшін полицияның желілік бөлімінің қызметкерлеріне берілді.

Бұдан басқа, «Ташкент–Нұр-Сұлтан» қатынасындағы халықаралық рейсті рәсімдеу кезіндегі паспорттық бақылау жұмысының нәтижесінде жалған төлқұжаты бар Тәжікстан азаматы анықталды, ол шекараны заңсыз кесіп өту мақсатында құжаттағы өзінің анықтамалық деректерін әдейі өзгерткен.

Мемлекеттік шекара бұзушы келген жағына қайтарылды.











Жоғары қарай