Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда әкімі азаматтарды онлайнда қабылдады

2020 жылдың 15 тамыз 2020 14:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды онлайн қабылдау өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азаматтарды тұрақты түрде онлайн қабылдап жатырмыз. Бүгін қала тұрғындары тұрғын үй, спортпен айналысу үшін жағдайды жақсарту және т.б. мәселелерді көтерді», деп жазды әкім Instagram-дағы п арақшасында.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй көлемін арттырылады.

«Әлеуметтік пәтерлер кезекте тұрған азаматтарға,(халықтың әлеуметтік әлсіз топтары), Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына беріледі. «Қазақстандық ипотекалық компаниямен« бірлесе дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер, полицейлер және т. б. үшін бірқатар тұрғын үй саламыз. Сондай-ақ, спорт нысандарын ашу және спортпен айналысуға жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. Сұрақтар жоспарға бекітілді», - деп жазды Алтай Көлгінов.


Жоғары қарай