Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елорда әкімдігі биыл 5 көппәтерлі тұрғын үйді қолданысқа бермекші

2022 жылдың 26 қаңтар 2022 18:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың құрылыс басқармасы биыл 5 көппәтерлі тұрғын үй қолданысқа бермекші, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасының басшысы Әрсен Жаңғасқанов айтты.

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаттары қалалық құрылыс басқармасының елорда аумағныда салынып жатқан білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, мемлекеттік тұрғын үй объектілері туралы есебін талқылаған болатын.

«2022 жылы Құрылыс басқармасы 5 көппәтерлі тұрғы үй кешенін қолданысқа беруді жоспарлап отыр. Оның ішінде сметасы қымбаттауына байланысты биылға қалдырылған «Бағыстан» тұрғын үй кешені бар. Бүгінде жобаға түзету енгізілді. Қосымша қаржы бөлінді. Сонымен бірге 82-91 ауданындағы тұрғын үй кешені бойынша жобаға түзету жасалып жатыр. №32 немесе «Жағалау» ауданындағы тұрғын үй кешені салынып бітуге жақын. Қазір онда ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр», - деген әкімдік өкілі тағы екі нысан бойынша мәрдігер компанияның аты белгілі болғанын мәлім етті.

«Сондай-ақ, Мақтұмқұлы-Ғ.Мүсірепов ауданындағы 275 пәтерлік үй мен Е20-32 тұрғын үй кешені бойынша 3,2 млрд теңгенің конкурстары жарияланып, мердігерлер анықталды. Мердігерлер жақсы жұмыс істесе, екі нысанды да биыл салып бітіруге болады. Қажетті қаржы қарастырылып қойған», - деді Әрсен Жаңғасқанов.


Жоғары қарай