Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елизавета Синельникова джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

2019 жылдың 29 қазан 2019 22:29

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмолалық спортшы қыз Елизавета Синельникова Грекия елінде өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Грекияның Крит аралында жасөспірімдер арасында джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтті. Жарысқа әлемнің 22 елінен 600 жуық спортшы қатысты.

«Елизавета осы спорт түрінен жоғары жетістікке қол жеткізіп отырған тұңғыш ақмолалық қыз. Жерлесіміз 48 келі салмақта сынға түсті. Ол джиу-джитсудың «Неваза» түрі бойынша төрт кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жетті», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Айта кетейік, Елизавета бапкерлері Кирилл Якимович және Ержан Қасеновтың жетекшілігімен жаттығады.

Жалпы, командалық есепте Қазақстан құрамасының еншісінде 5 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлде бар.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Спорт,
Жоғары қарай