Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Элизабет Тұрсынбаева Бурабайда мұз үстінде Димаштың әніне би биледі

2021 жылдың 11 қаңтар 2021 22:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Танымал мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Димаш Құдайбергеннің әніне Бурабай көлінде би билеп, көпшіліктің қошеметіне ие болып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше тұңғыш рет Бурабайға барып қайттым. Тұмса табиғаттың көркін тамсанумен бірге уақытты жақсы өткіздім. Армандарымның бірі орындалды: мен көлде Димаш Құдайбергеннің «Біл» әнінің сүйемелдеуімен би биледім. Кейінгі кезде сол ән санамда сайрап тұратын болыпты», - деп жазды мәнерлеп сырғанаушы Instagram парақшасында.

Элизабет Тұрсынбаеваның жанкүйерлері жазба астында жағымды пікір қалдырып жатыр. Керемет көрініс, ертегідегідей деген пікірлерді көріп, бидің көпшілікке ұнағанын аңғаруға болады.

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеуде дүниеге келген. Қазақстанның атынан (оның ішінде Қызылорданың) өнер көрсетеді. Мәнерлеп сырғанаушы төрт айнала (сальх) секіріп, әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленіп, ал 2019 жылы төрт құрлықтың чемпионатында топ жарған. Ол қазіргі уақытта әлемнің ең үздік мәнерлеп сырғанаушыларының ондығына кіреді.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Өнер, Қоғам,
Жоғары қарай