Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Еліміздің үшінші мегаполисінде «Шымкент - қайырымды қала» шарасы өтті

2019 жылдың 14 желтоқсан 2019 17:00

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Еліміздің үшінші мегаполисінде «Шырайлы Шымкент: Береке басы бірлік» қоғамдық форумы аясында «Шымкент - қайырымды қала» іс-шарасы өтті. Тәуелсіздік мерекесіне орайластырылған тағылымды жиында ұлық мерекенің қадірі насихатталып, қайырымды қала тұрғындарының мәртебесі жайында оралымды ойлар айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында саясаттанушы Сәкен Мәжінбеков пен жазушы-журналист Күлия Айдарбекова, «Жанубий Қозоғистон» газетінің бас редакторы Әлішер Сатыбалдиев Тәуелсіздіктің қадірі жайында мазмұнды баяндама жасады. Мегаполиске айналған қаланың тұрғындары қандай болуы керек екені жөнінде ой қозғады. Сондай-ақ, басқосуда Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырысы бойынша және «Серпіліс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен жыр байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқауға 40-қа жуық өтінім түсіп, оның 12-сі іріктеуден өткен еді. Әділқазылардың шешімімен бірінші орынды Арқалық Әмәлият жеңіп алса, Дәурен Айманбет - екінші, Арайлым Мұраталиева үшінші орынға ие болды.







Іс-шара аясында жыр мүшәйрасына арналып шығарылған кітаптың тұсауы кесілді. Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева қаланың дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.



















Жоғары қарай