Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық қызметі цифрлық жүйеге көшеді

2021 жылдың 29 тамыз 2021 12:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерді цифрландырудың 2021-2023 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021-2023 жылдары жүзеге асыруға арналған концепцияда санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жұмыстарын автоматтандырудың тиімділіктері жан-жақты қарастырылған. Тұжырымдама аясында Мамандардың санитарлық-гигиеналық қадағалау, техникалық регламент, талдау бөлімдерінің қызметтерін цифрландыру көзделген», - деп жазады комитеттің ресми сайты.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті цифрландыру арқылы өңірлердегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды объективті талдау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша кәсіптік бағалау және тиісті басқарушылық шешімдер қабылдауға жол ашу көзделіп отыр.

«Қазір басты проблемалардың бірі – комитет пен оның аумақтық бөлімшелерін, ведомстволық бағынысты ұйымдарын қамтитын ақпаратты, құжат айналымын, өңдеп, сақтайтын бірыңғай автоматтандырылған жүйе жоқ. Соның кесірінен құжаттарды өңдеу, қызметтік тексеру, мамандар қызметін үйлестіру мен бақылаудың мерзімдері, регламенті сақтау қиын. Аумақтық департаменттер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар мәліметтерді әлі күнге дейін e-mail арқылы жолдайды. Ортақ цифрлық жүйе қалыптаспағандықтан ақпаратты өңдеу, деректерді дайындау, қызмет көрсету барысында кедергілер туындайды», - деп түсіндіреді комитет мамандары.

Министрліктің мәліметі бойынша, ТМД аумағында Ресей Федерациясы мен Беларусь бұл салада автоматтандырылған жүйеге көшкен.

«Сондай-ақ, Польшаның тәжірибесін атап өтуге болады, онда санитарлық-эпидемиологиялық станция жобасын іске асыру мерзімі 2004-2006 жылдар аралығында пилоттық бағдарламаның қажеттіліктері үшін жұқпалы аурулардың деректерін талдайтын GISK-NET арнайы жүйесі жасалды», - делінген ресмим ақпаратта.


Жоғары қарай