Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Еліміздің Кәсіподақтар федерациясы коронавируспен күреске бірқатар активін ұсынды

2020 жылдың 22 наурыз 2020 20:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің Кәсіподақтар федерациясы коронавируспен күреске бірқатар активін ұсынды. Бұл туралы ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Сатыбалды Дәулеталин Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қандай қиын-қыстау заман туса да Қазақстанымыз, Кәсіподақ федерациялары барлық уақытта да халықпен бүкіл қиындықты бірге бөлісіп, жеңіске жетіп келеді. Еліміз үшін осынау қиын сәтте Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы мемлекет қажеттілігі үшін коронавирустің таралуымен күреске мындай активтерін ұсынуға шешім қабылдады: Алматы қаласындағы «Көктем» шипажайы, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Турист» қонақүйі және қажеттілік туындағанда Ақмола облысындағы «Щучье» шипажайы. Бүгіннің өзінде ол жерлерде карантинге жіберілген шамамен 1 мың адам жатыр», - деді ол.

Сонымен қатар Сатыбалды Дәулеталин барлық отандастарымызды бекітілген қауіпсіздік шараларын ұстанып, азаматтық жауапкершілік танытуға шақырады.

«Бірлескен іс-әрекеттеріміз азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға септігін тигізетіндігіне сенімдіміз. Біз бірге жеңеміз! #BIZBIRGEMIZ», - деді федерация төрағасының бірінші орынбасары.


Жоғары қарай