Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Еліміздің бірнеше қаласында әскери оркестрлер шеруі өтті

2022 жылдың 28 мамыр 2022 23:36

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Алматы, Қарағанды, Орал және Өскемен қалаларында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының жүлдесі үшін әскери оркестрлер арасында «Әскери керней» байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемендегі байқауға үздік оркестрлар ұжымы қатысты. Атап айтқанда, Өскемен қаласының 5518, Семейдегі 5511 және Павлодардағы 5512 әскери бөлімдері өнер көрсетті.

«Бұл күні әскери оркестр ұжымдары классикалық музыкадан бастап, поп жанрындағы туындыларын ұсынды. Бағдарлама екі кезеңнен тұрды. Біріншісінде оркестрлер өздерінің саптық дайындығын көрсететін дефиле плац-концертін паш етсе, екінші кезеңде концерттік бағдарламада музыкалық таланттары мен оркестрдің шеберлігін көрсетті», - дейді 5518 әскери бөлімінің оркестр дирижері Максим Наговицын.


Ұлттық ұланының «Әскери керней байқауы» осымен 11 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында тек Қазақстан оркестрлары ғана емес, Қытай, Ресей сынды бірқатар елдерден де қатысушылар болған.

Екі кезеңнен тұратын «Әскери керней» байқауының финалы Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.


Жоғары қарай