Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды

2019 жылдың 14 наурыз 2019 18:44

АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

15-17 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, 15 наурызда таңертең және күндіз, 16 наурызда тәулік бойы оңтүстіктен соғатын жел солтүстік, солтүстік-шығысқа ауысады. Оның екпіні 15-20 м/с жетеді.

15 наурызда күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде, шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

15 наурызда Қостанай облысында солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кейде екпіні 25 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғуы ықтимал.

15 наурызда Қостанай қаласында көктайғақ болады, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с жетуі мүмкін.

Басты сөздер: Аймақ, Қазгидромет,
Жоғары қарай