Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еліміздің батысындағы екі облыстың ХҚО-лары бес күндік жұмыс аптасына көшеді

2021 жылдың 26 шілде 2021 05:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - БҚО және Маңғыстау облысының ХҚО-лары 26 шілдеден бастап бес күндік жұмыс аптасына өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облысының бас санитар дәрігерінің 2012 жылғы 24 шілдедегі карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулысына сәйкес Маңғыстау облысының барлық ХҚО-лары 2021 жылғы 26 шілдеден бастап бес күндік жұмыс аптасына өтеді. Бас санитар дәрігердің осындай қаулысы 24 шілдеде Батыс Қазақстан облысында шықты.

БҚО мен Маңғыстау облысында жұмыс кестесі сағат 9-дан бастап 18-ге дейін белгіленген. Сенбі және жексенбі күндері аталған облыстардағы ХҚО-лар жұмыс істемейді. Клиенттерді тек алдын-ала брондау арқылы қабылдайды. Сондай-ақ, ХҚО қызметкерлері Ashyq қосымшасы бойынша клиенттердің статусын тексереді.

ХҚО-ға кезекті eGov порталы, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы және @kenes1414bot телеграм-бот арқылы брондауға болады. Барлық клиенттерден санитарлық-профилактикалық нормаларды сақтауды, ХҚО барған кезде бетперде тағуды және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұраймыз.


Жоғары қарай