Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еліміздегі үздік ғылыми қызметкерлерге 5 млн теңгеден грант берілмек

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 13:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжаттың негізгі мақсаты - ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет және оның нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы заңнаманы жетілдіру.

Мәжілісінің депутаты Жәмилә Нұрманбетованың айтуынша, заң жобасында ұлттық ғылыми кеңестерге коммерцияландыру жобаларын мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру бөлігінде функциялар беру көзделеді.

Конкурстық рәсімдердің ашық болуы мақсатында Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына:

- ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының сараланған тізімін қалыптастыру және ұлттық ғылыми кеңестерге жіберу;

- ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың орындалған жобаларының нәтижелерін бағалау және нәтижелілігіне мониторингті жүзеге асыру жөніндегі функцияларды беру ұсынылады.

«Үздік ғылыми қызметкерлерге «Үздік ғылыми қызметкер» атағын беру және 2000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде грант беру арқылы оларды материалдық көтермелеу қарастырылып отыр», - деді Жәмилә Нұрманбетова.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Ғылым, Парламент,
Жоғары қарай