Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Еліміздегі балықтың 100-ден астам түрін сақтап, көбейтуіміз керек – Асхат Қайнарбеков

2020 жылдың 12 шілде 2020 15:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Асхат Қайнарбеков балық шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін – еліміздегі балық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Балық аулау – біздің халқымыз үшін таңсық кәсіп емес. Адамзат тарихындағы ең көне мамандықтардың бірі болса да, бұл сала өз мәнін әлі де жоғалтпады. Елімізде бұл кәсіпті атадан мұра етіп сақтап қалған балықшылар да жетерлік. Олардың атқарып жатқан еңбегі зор және ерекше құрметке ие», - деді А. Қайнарбеков.

Сонымен бірге, балық шаруашылығы – елдің экспорттық әлеуетін арттырып, ел экономикасының өсуіне үлес қосып қана қоймай, экологиялық қауіпсіздікті сақтауды да мақсат етеді.

«Бүгінде елімізде балықтың 100-ден астам түрі бар, оларды сақтап, кейінгі ұрпақ үшін көбейтуіміз керек. Мемлекет өз кезегінде елдің балық аулау саласын барынша қолдайды. Қазіргі уақытта балық шаруашылығын қолдауға байланысты қолдау шараларын одан әрі дамыту жұмысты қолға алынды. Бүгінде еліміздің түрлі балық өңдеу кәсіпорындарында 12 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олардың қатарында балық инспекциясы, балық шаруашылығы қызметкерлері, ихтиологтар, балық шаруашылығы мамандарын дайындайтын оқытушылар бар. Құрметті балық шаруашылығының қызметкерлері және осы мамандықтың ардагерлері! Мерекелеріңізбен тағы да құттықтауға рұқсат етіңіздер. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен мамандыққа адалдықтарыңыз үшін рахмет. Отбасыларыңызға денсаулық, бақ-береке тілеймін!», - деді А. Қайнарбеков.


Жоғары қарай