Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еліміздегі 113 медициналық-әлеуметтік мекеме карантинге жабылады

2020 жылдың 17 наурыз 2020 21:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп қамқорлықтағы адамдардың егде адамдар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге, сондай-ақ уақытша болу ұйымдарына баруына тыйым салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл шара ұйымдарда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында қабылдануда. Әлеуметтік мекемелер қызмет көрсетуді жалғастырады. Мекемелерде санитарлық-дезинфикациялық режим күшейтіледі. Атап айтқанда, қызметкерлер мен қамқорлықтағы адамдарды маскалармен, антисептикалық құралдармен, қолғаптармен және басқа да қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі. Қамқорлықтағылардың қатысуымен ұйымдар ішінде де, олардан тыс та бұқаралық спорттық және мәдени іс-шаралар өткізілмейтін болды», - деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.

Сондай-ақ, республикадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін санаториялық-курорттық емдеу қызметін көрсетуді тоқтата тұру ұсынылды. Бұл шаралар Қазақстанда төтенше жағдай аяқталғанға дейін жалғасады.

«Бұдан басқа, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандары көрсеткен қызметтер бойынша құжаттарды (орындалған жұмыстар актісі, сүйемелдеу парақтары) қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік елімізде 24410 адамға қызмет көрсететін 113 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді.


Жоғары қарай