Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елімізде жүрген шетел азаматтарының назарына

2020 жылдың 22 наурыз 2020 15:15

Қазақстанда жүрген шетелдік азаматтар үшін визалар мен жұмыс рұқсаттары 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін ұзартылады.

Қазақстанда коронавирус COVID-19 таралуына қарсы әрекет ету жөніндегі шектеу шараларына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанда жүрген шетелдік азаматтар үшін визалар мен жұмыс рұқсаттарын 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін ұзарту, сондай-ақ 57 ел үшін визасыз режим туралы бұрын қолданыста болған ереже бойынша ҚР аумағына келген шетелдік азаматтардың болу мерзімін 30 күнге ұзарту туралы шешім қабылдады.

Осы санаттардағы шетел азаматтарына қатысты әкімшілік шаралар қабылданбайды.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram-арнасы


Жоғары қарай