Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде жол саласына орта есеппен 3 мыңға жуық маман керек

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 14:47

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Елімізде жол саласына орта есеппен 3 мыңға жуық маман қажет. Әсіресе, жол шеберлері, инженер-сметашылар, зертханашылар, жол құрылысы инженерлері, автогрейдер жүргізушілері, механизаторлар, тағы басқа да мамандықтар бойынша адам жетіспейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облысының Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы филиалына сілтеме жасап.

Филиал директоры Елтай Таялиевтың айтуынша, «1000 мектеп» жобасы аясында 2020 жылдан бастап түлектердің арасынан жыл сайын ең кемі 2-3 бала жол саласы мамандығын таңдайтын болса, 10 жылда осы бағыттағы маман тапшылығы жойылады.

«Былтырғы жылы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК басшылығы «1000 мектеп» бастамасын жүзеге асыруды қолға алды. Мақсат - мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, жолшы мамандығына тарту. Маңғыстау облысында 154 мектеп бар. Аймақта карантиндік шектеу шаралары енгізілгенге дейін 26 орта білім беру мекемесі қамтылды. Жол сапасын бақылаушылар Ақтаудан бөлек Мұнайлы мен Түпқараған ауданындағы мектептерге барды», - деді МО «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК филиал директоры Елтай Таялиев.

Көп жағдайда оқушыларды мектеп бітірген соң қандай оқу орнына түсуге болатындығы алаңдатады. Қазақстанда жол саласы бойынша мамандарды даярлаумен 30-жуық университет пен 50-ге тарта колледж айналысады.

Қатарында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті мен Х.Өзбекғалиев есімі берілген политехникалық колледж бар.

Колледждің 2 студенті ай сайын 60 мың теңгеден жоғары шәкіртақы алып, Ақтаудағы филиалында кәсіби біліктілігін арттырып жүр. Оқуын бітірген соң ұжымға қосылады деп күтілуде.


Жоғары қарай