Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елімізде вакцина алған жасөспірімдер саны 20 мыңнан асты

2021 жылдың 22 қараша 2021 16:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 20 381 бала вакцина алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Денасулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде вакцина алған балалардың саны 20 мыңнан асқан. Ресми ақпаратқа сүйенсек, Pfizer екпесін ақысыз негізде 27 554 адам алған. Соның 20 381-і жасы 12-ден асқа жөсөспірімдер. Одан бөлек 2 499 жүкті әйел коронавирусқа қрасы вакцина қабылдаған. Сондай-ақ бала емізіп жүрген 4 674 ана Pfizer вакцинасын салғызған.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда халықты ревакциналау басталды . Науқан екі кезеңнен тұрады. Осыған дейін вакцинаның екі дозасын да салдырғандар жаңа жылға дейін үшіншісін қабылдайды. Бұл – медицина қызметкерлері, мұғалімдер, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен жабық балалар мекемелерінің мамандары, сондай-ақ күш құрылымдарының қызметкерлері.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева Pfizer вакцинасы қатерлі ісікке де, диабетке де, аутизмге де әкелмейтінін айтады .

Еске салсақ, өткен аптада ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин Pfizer вакцинасын ақылы нарық сегментіне шығару туралы ұсынысты мақұлдады .


Жоғары қарай