Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде резервтегі әскери қызметкерге жалақы төлене ме

2021 жылдың 31 қазан 2021 20:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде резервтегі әскери қызметкерлер міндетін өтеу кезінде олар айлық жалақы ала ма? Бұл сұраққа ҚР Қорғаныс министрлігі ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкілі, подполковник Бейбіт Сүлейменов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Резервтегі әскери қызмет шарасы республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Ол қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтыру енгізілгеннен кейін қолға алынады. Жалпы резервтегі әскерилерге заң аясында ай сайын ең төменгі жалақы төлеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, тұрақты жұмысы бар резервтегі қызметкер әскери жиында жүрген кезде оған орташа есеппен жалақы төлеу қарастырылған», - деді Бейбіт Сүлейменов министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, резервтегі әскери қызмет келісімшарт негізінде жүзеге асады.

«Заң қабылданғаннан кейін тиісті мамандығы бар азаматтар әскери бөліммен резервте қызмет өткеру туралы 3 жылға тиісті келісімшарт жасайды. Резервтегі адамдарды даярлау жылына 60 күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі. Ол оқыту бағдарламасына сәйкес ұзақтығы 1 айға дейін ай сайынғы екі күндік сабақтар мен жиындардан (оқу-жаттығулардан) тұрады», - дейді ол.

Бұған дейін министрлік өкілі елімізге резервтегі әскери қызметтің не үшін керектігін айтып берген болатын.


Жоғары қарай