Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде «постковидті белгілер» жобасы сынақтан өтуде

2021 жылдың 17 ақпан 2021 17:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында «постковидті белгілер» жобасы сынақтан өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың қазан айынан бастап біздің орталықтың базасында постковидті белгілері бар науқастарға тексеру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мақсат – еліміздегі коронавирусқа қатысты жағдайда жақсарту. Өткен жылдың желтоқсан айында 400-ден астам адам тексерістен өтті. Оның ішінде 100-і – бала», - дейді «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» КеАҚ қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Айнұр Тәуекелова.

Ол коронавирусқа қатысты екі термин бар екенін айтты. Бірі – созылмалы коронавирус болса, екіншісі постковидті белгілер.

«Созылмалы коронавирус деп ауырып болғаннан кейін ауру белгілері 3 аптаға дейін сақталып қалатын жағдайды айтамыз. Ал постковидті белгілер дегеніміз – коронавируспен ауырып болған адамда ауру белгілері 12 аптадан астам уақыт сақталып қалады. Бізде тексерілген 287 науқаста иммундық жетіспеушілік күй байқалды. 20 адамда цитомегаловирусының, герпес вирусының сақталып қалуы байқалған. Сондай-ақ, коронавируспен ауырған науқастарда Д, В12 дәрумені мен фолий қышқылының жетіспеушілігі байқалған. 190 адамда когнитивтік қызмет бұзылған, яғни есте сақтау қабілеті нашарлаған. Сонымен қатар, жүрек-қан тамырлару аурулары, соның ішінде 20 науқаста алғаш рет күретамыр қысымының көтерілуі анықталған. Эндокриндік паталогия да анықталған, соның ішінде 2 науқасқа қант диабеті диагнозы қойылса, 13 науқаста қант диабетінің декомпенсациясы болған, 40 науқастың қалқанша безінің қызметі бұзылған. Тыныс алу жүйесінде де палатогия анықталды», - дейді ол.


Жоғары қарай