Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде өңделген, дайын тауарлардың экспорты ұлғайды

2021 жылдың 12 қаңтар 2021 09:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы елімізде жалпы тұтынудағы қазақстандық тауарлардың үлесі 4,7 пайыздық тармаққа өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономика құрылымының сапалы өзгеруі байқалды. Өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі өңдеу үлесі 9,4 пайыздық тармаққа артты. Яғни, 2019 жылғы 39,4 пайыздан 2020 жылы 48,8 пайызға дейін ұлғайды. Жеңіл өнеркәсіптің, автомобиль жасаудың және дайын металл бұйымдарының екі мәнді өсуі байқалады. Өңделген, дайын тауарлардың экспорты ұлғайды», - деді министр.

Оның атап өтуінше, 2020 жылы өндірістің өсуінің арқасында жалпы тұтынудағы қазақстандық тауарлардың үлесі 4,7 пайыздық тармаққа өсті.

«Электрондық сауда үлесі 6 пайыздық тармаққа, қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2 есеге және кен өндіруді есепке алмағанда инвестициялардың 14,8 пайызға өскені байқалады», - деді Руслан Дәленов.


Жоғары қарай