Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде он жылда 114 балалар үйі жабылды

2021 жылдың 31 мамыр 2021 18:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина елдегі жетім балалардың саны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда республикада 23 мыңға жуық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Оның тек 4 мыңы ғана балалар үйінде тұрады. Ондай мекемелердің саны жылдан-жылға азайып келеді. Тек соңғы 10 жылда жетім балаларға арналған 114 ұйым қысқарды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, балалар үйінің қысқаруына қамқорлықсыз қалатын балалардың азаюы түрткі болған.

«Бүгінде елімізде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 96 ұйым жұмыс істейді. Соңғы 10 жылда осы ұйымдардың тәрбиеленушілерінің және жалпы жетім балалардың контингенті ел бойынша 10 мыңға қысқарды. Ал соңғы 3 жылда контингент 2 мың бала тізімнен шығарылды», - деп қорытындылады Юлия Овечкина.


Жоғары қарай